Септилин в сиропе — инструкция по применению

Инструкция по применению септилина в сиропе, описание действия препарата, показания к применению сиропа септилина, взаимодействие с другими лекарствами, применение септилина (сироп) при беременности. Инструкции: Септилин в таблетках;
Торговое название: Септилин
Международное название: Нет
Лекарственная форма: Сироп 100 мл
Показания к применению:
Атс классификация:
L Антинеопластические и иммуномодулирующие средства
L03 Иммуностимуляторы
L03A Иммуностимуляторы
L03A X Прочие иммуностимуляторы
Фарм. группа:
Прочие иммуностимуляторы. Код АТХ L03АХ
Условия хранения:
Хранить в защищенном от света месте, при температуре не выше 25ºС. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. Не применять препарат по истечении срока годности!
Условия продажи: Без рецепта
Описание:
Темно- коричневая сиропообразная жидкость, сладкого вкуса, с запахом мяты.

Состав септилина в сиропе

5 мл сиропа содержат
5 мл шәрбаттың құрамында

Активное вещество септилина

Камеди мирры порошкованного 80мг, экстрактов густых: Махараснади кват 30мг, Марены сердцелистной корней 15мг, Тиноспоры сердцелистной стеблей 14мг, Трикату корневищ и плодов 13мг, Девясила гималайского корней 13мг, Эмблики лекарственной плодов 8мг, Солодки голой корней 6мг
Ұнтақталған мирра шайыры 80 мг, қою сығындылар: Махараснади кват 30мг, Жүрекшежапырақты риян тамырлары 15мг, Жүрекшежапырақты тиноспора сабақтары 14мг, Триката тамырсабақтары мен жемістері 13мг, Гималай андызы тамырлары 13мг, Дәрілік эмблика жемістері 8мг, Жалаң мия тамырлары 6мг

Вспомогательные вещества в септилине

сахароза, натрия цитрат, натрия бензоат, кислота лимонная, ароматизатор «Мята отличная», вода очищенная
сахароза, натрий цитраты, натрий бензоаты, лимон қышқылы, «Керемет жалбыз» хош иістендіргіші, тазартылған су

Показания к применению сиропа септилина

В составе комплексной терапии при:
  • инфекции верхнего отдела респираторного тракта (фарингиты, ОРВИ, риносинусит, тонзиллит)
  • инфекции нижнего отдела респираторного тракта (бронхит, трахеобронхит, пневмония)
  • отите наружном и среднем
  • инфекции полости рта (стоматит, гингивит, парадонтит)
  • инфекционных и воспалительных заболеваниях кожи и мягких тканей(фурункулы, абсцессы, раны, простой герпес I типа, генитальный герпес II типа)
  • инфекции мочевого тракта
Кешенді емнің құрамында:
  • респираторлық жол жоғарғы бөлігінің жұқпаларында (фарингиттер, ЖРВЖ, риносинусит, тонзилит)
  • респираторлық жол төменгі бөлігінің жұқпаларында (бронхит, трахеобронхит, пневмония)
  • сыртқы және ортаңғы отитте
  • ауыз қуысының жұқпаларында (стоматит, гингивит, парадонтит)
  • тері мен жұмсақ тіндердің жұқпалы және қабыну ауруларында (фурункулдар, абсцесстер, жаралар, I типті жай герпес, II типті генитальді герпес)
  • несеп жолының жұқпаларында

Противопоказания септилина в сиропе

  • повышенная чувствительность к компонентам препарата
  • беременность, период лактации
  • детский возраст до 3 лет
  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • жүктілік, лактация кезеңі
  • 3 жасқа дейінгі балалар

Побочные действия сиропа септилина

Возможны
  • аллергические реакции (кожная сыпь, зуд)
Болуы мүмкін
  • аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышу)

Особые указания к применению

С осторожностью назначают больным с острым заболеванием желудка, сахарным диабетом следует учитывать, что 1 чайная ложка сиропа содержит 4,3 г сахара. Не рекомендуется превышать установленные врачом дозы. Препарат не содержит этиловый спирт.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами.
Не влияет
Жедел асқазан ауруларымен, қант диабетімен науқастар 1 шай қасық шәрбаттың құрамында 4,3 г қант бар екендігін ескергендері жөн. Дәрігер белгілеген дозадан асырмау ұсынылады. Препарат құрамында этил спирті жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді

Дозировка и способ применения

Дети: от 3 лет до 6 лет по 1 ч. ложке 2 раза в день, курс лечения 20 дней.

Взрослые:
по 1 ст. ложке 3 раза в день, курс лечения 20 дней
Балалар: 3 жастан 6 жасқа дейін 1 шай қасықтан күніне 2 рет, емдеу курсы 20 күн.

Ересектер: 1 ас қасықтан күніне 3 рет, емдеу курсы 20 күн

Взаимодействие с лекарствами

Терапевтическая эффективность антибиотиков усиливается при совместном применении сиропа Септилин.
Септилин шәрбатымен бірге қолданғанда антибиотиктердің емдік тиімділігі күшейеді.

Передозировка септилиным в сиропе

Случаи передозировки не отмечены
Артық дозалану жағдайлары байқалмаған

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Септилин сироп является многокомпонентным лекарственным препаратом. Обладает активностью, которая обусловлена взаимно усиливающим действием сочетания его компонентов, что характерно для растительных лекарственных средств. Проведение фармакокинетических наблюдений не представляется возможным. Все вместе компоненты не могут быть прослежены с помощью маркеров или биоисследований.
Септилин шәрбаты көп компонентті дәрілік препарат болып табылады. Компоненттері үйлесімінің өзара күшейтуші әсеріне негізделген белсенділікке ие, бұл өсімдік тектес дәрілік заттарға тән құбылыс. Фармакокинетикалық бақылау жүргізудің мүмкіндігі жоқ. Компоненттердің барлығы бірге маркерлер немесе биозерттеулердің көмегімен қадағалануы мүмкін емес.

Фармакодинамика

Септилин обладает иммуномодулирующей, антиоксидантной, противовоспалительной, противоаллергической, антибактериальной , противоопухолевой, адаптогенной активностью. Септилин является безопасным и эффективным вспомогательным средством для одновременного использования с противомикробными препаратами при лечении рецидивирующих инфекций. При одновременном приеме с антибиотиками он обеспечивает более быстрое выздоровление, уменьшает продолжительность лечения антибиотиками. Препарат стимулирует фагоцитоз, активируя макрофаги, увеличивает количество полиморфноядерных клеток и способствует преодолению инфекции.

Септилин повышает сопротивляемость инфекциям и предотвращает повторное развитие инфекции. За счет дифференциации гранулоцитов и макрофагов препарат усиливает активность натуральных клеток-киллеров и зависимую от антител цитотоксичность клеток. Септилин стимулирует гуморальный иммунный ответ, за счет чего увеличивает число антителообразующих клеток, усиливает секрецию антител в ток крови. Септилин также увеличивает содержание клеток – предшественников эритропоэза и гранулопоэза, палочкоядерных лейкоцитов и миелоцитов.

Действующие вещества, входящие в состав растений: Тиноспора сердцелистная оказывает сильное иммуномодулирующее, иммуностимулирующее действие, за счет которого повышается концентрация антител и активизируются макрофаги. А также усиливает фагоцитарную и внутриклеточную бактерицидную способность нейтрофилов. Тиноспора сердцелистная и Эмблика лекарственная вместе обладают жаропонижающими свойствами, оказывают благотворное воздействие для лечения инфекций респираторного тракта, в том числе хронического тонзиллита, фарингита, хронического бронхита, заложенности носа и ларингита.

Эмблика лекарственная повышает устойчивость клеток, усиливает фагоцитоз и выработку антител. Глицирризин, содержащийся в Солодке голой укрепляет ретикулоэндотелиальную систему, усиливает иммуностимуляцию, воздействует на функцию макрофагов, что приводит к стимулированию макрофагов.А так же оказывает лечебное, отхаркивающее действие при астме, остром и хроническом бронхите и хроническом кашле. Солодка голая смягчает кашель при заболеваниях верхних дыхательных путей, обладает выраженным антигистаминным и холиноблокирующим действием благодаря комплексу флавоноидов.

Глицирризин, один из основных компонентов, содержащихся в солодке повышает уровень интерферона, оказывает противовирусное действие, стимулирует выработку кортизола, обладает противовоспалительным, адаптогенным, гипосенсибилизирующим действием. Антиоксидантным действием обладают Марена сердцелистная, Девясил гималайский у последнего – противовоспалительная активность обусловлена стабилизацией липосомальных мембран, антипролиферационным действием.
Септилин иммунтүрлендіруші, антиоксидантты, қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, бактерияларға қарсы, ісікке қарсы, адаптогенді белсенділікке ие. Септилин қайталанатын жұқпаларды емдеу кезінде микробтарға қарсы препараттармен бір мезгілде пайдалануға арналған қауіпсіз және тиімді қосымша дәрі болып табылады. Антибиотиктермен бір мезгілде қабылдағанда анағұрлым жылдам сауығуды қамтамасыз етіп, антибиотиктермен емдеу ұзақтығын азайтады. Препарат макрофагты белсенділендіре отырып, фагоцитозды көтермелейді, полиморфтыядролық жасушалар санын арттырады және жұқпаны жеңіп шығуына ықпал етеді.
Септилин жұқпаларға қарсыласуды жоғарылатып, жұқпаның қайталап дамуының алдын алады.

Гранулоциттер және макрофагтар дифференциациясы есебінен препарат табиғи киллер-жасушалардың белсенділігі мен жасушалардың антиденелерге тәуелді цитоуыттылығын күшейтеді. Септилин гуморальді иммунитет жауабын көтермелейді де, соның есебінен антиденелерді түзуші жасушалар санын арттырады, қан ағымына антидене сөлінісін күшейтеді. Септилин сондай-ақ эритропоэз бен гранулопоэздің ізашар-жасушалары, таяқшаядролы лейкоциттер мен миелоциттер құрамын ұлғайтады. Өсімдік құрамына кіретін әсер етуші заттар: жүрекшежапырақты Тиноспора күшті иммунитет түрлендіруші, иммунитет көтермелеуші әсер береді, соның нәтижесінде антиденелер концентрациясы жоғарылап, макрофагтар белсенділігі артады. Сондай-ақ нейтрофилдердің фагоцитарлы және жасушаішілік бактерицидті қабілеттілігін күшейтеді.

Жүрекшежапырақты Тиноспора мен дәрілік Эмблика бірге ыстықты түсіретін қасиетке ие, респираторлық жол жұқпаларын, оның ішінде созылмалы тонзиллитті, фарингитті, созылмалы бронхитті, мұрынның бітелуі және ларингитті емдеген кезде жақсы әсер етеді. Дәрілік эмблика жасушалар тұрақтылығын жоғарылатады, фагоцитоз бен антидене өнуін күшейтеді. Жалаң мия құрамындағы глицирризин ретикулоэндотелиальді жүйені нығайтады, иммунитет көтермелеуді күшейтеді, макрофагтар қызметіне әсер етеді, бұл макрофагтарды көтермелеуге әкеп соғады. Сондай-ақ демікпе, жедел және созылмалы бронхитте және созылмалы жөтелде емдік әсерін көрсетеді.

Жалаң мия жоғарғы тыныс алу жолдары аурулары кезінде жөтелді жұмсартады, флавоноидтар кешенінің арқасында айқын антигистаминдік және холинобөгегіш әсерге ие. Мия құрамындағы негізгі компоненттердің бірі – глицирризин интерферон деңгейін жоғарылатады, вирусқа қарсы әсер етеді, кортизолдың өнуін көтермелейді, қабынуға қарсы, адаптогенді, гипосенсибилизациялаушы әсері бар. Жүрекшежапырақты риян, гималай андызы антиоксидантты әсерге ие, соңғысының қабынуға қарсы белсенділігі липосомалық жарғақшалардың тұрақтануына, антипролиферациялық әсеріне байланысты.

Упаковка и форма выпуска

По 100 мл во флаконы янтарного цвета из полиэтилентерефталата. По 1 флакону вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в картонную пачку.
Янтарь түсті полиэтилентерефталаттан жасалған құтыда 100 мл-ден. 1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.